06 ақпан 2014 15:01

Энергияны қымбатқа алып, арзанға сатудамыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Екібастұз электр энергиясын Ресейге тым арзанға сатып отыр. Есесіне Астанаға одан да қымбат бағаға өткізеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап. Бұл туралы еуразия экономикалық комиссияның бәсекелі саясат пен мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясат департаменті хабарлады. Президент 2013 жылы "Екібастұз» ГРЭС-1 және ГРЭС-2 электр энергиясы Астанадаға Ресеймен салыстырғанда екі есеге қымбатқа сататынын сынға алған болатын. Ресейге әр киловатын 3,6 теңге сататын болса, Астанаға 6,5 теңгеден беруде. Өкінішке қарай, бұл жайт әлі күнге өзгермей келеді. Керісінше, еліміздің батыс өңірі электр энергиясынан тапшылық көріп, Ресейден әр киловатын 12 теңгеден сатып алуда. Ал Екібастұз Ресейге тым арзанға беріп жатқаны тиісті орындардан ескерілмей отыр. Бәсекелестікті қорғау Агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Баймұханов Еуразиялық комиссияның алдына қойылған мәселе көпке бармай шешілуі де мүмкіндігін айтады. Солай бола тұра мұндай жұмыс жиырма жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеуде. Яғни, өзгелердің Қазақстанда монополист болуына мүмкіндік беріп отыр. Жақында Еуразиялық экономикалық кеңесте бірқатар құжаттар мақұлданып кеткен. Енді ол жуыр арада қайта өзгертілмесе, бекітілген ереже негізінде кез-келген тауарды тек дистрибьютор ғана сата алады. Ал басқалардан алу заңсыз болып саналады. Кедендік одаққа мүше Ресей мен Белоруссия пайдаға кеңелгенімен, Қазақстан шығынға батуы әбден мүмкін. Еуразиялық Экономикалық комиссиясы департамент директорының орынбасары Борис Парсегов «Қабылданып кеткен құжаттан бас тартқан жағдайда олардағы электрониканың бағасы 60, автобөлшектер бағасы 40, киім-кешек 20 пайызға арзандайды. Өйтпеген жағдайда бізде бәрі керісінше болып, электроника мен бөлшектер, киім-кешек бағасы дәл сонша мөлшерде қымбаттайтын болады», – дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети