Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сауда желілерінде және дәріханаларда сатылатын тамаққа биологиялық активті қоспаларға зертханалық зерттеулер жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелері бойынша, "Тонгкат Али Платинум" ("Tongkat Ali with Royal Jelly & Ginseng") тамаққа биологиялық активті қоспаның құрамында мемлекеттік тіркеу кезінде мәлімделмеген "Силденафил" және "Тадалафил" дәрілік затының болғаны анықталды. "Комитет осы биологиялық активті қоспаларды саудадан алу және оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салу бойынша тиісті шаралар қабылдауда. Бұдан бұрын Роспотребнадзор "Тонгкат Али Платинум" ("Tongkat Ali with Royal Jelly & Ginseng") және "Тонгкат Али Платинум Форте" ("Tongkat Ali Platinum Forte") биологиялық активті қоспалардың мемлекеттік тіркелуінің күшін жойды және кері қайтарып алды", - делінген хабарламада.
Бұл биологиялық активті қоспа ер адамның қауқарын күшейтеді және бедеуліктен емдейді деп жарнамаланған еді.