10 наурыз 2016 15:59

Ерасыл Әубәкіровтің мәйітінің суретін таратқан екі полицей жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерасыл Әубәкіровтің мәйітінің суретін таратқан екі полицей жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.


Ерасыл Әубәкіровтің мәйітінің суретін таратқан екі полицей жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Астананың ІІД өкілдері WhatsApp мессенджерінде фотографияны тарату дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізген. "ІІМ басшылығының тапсырмасын және қылмыстық-процессуалдық заңнаманың нормаларының талаптарын бұзушылықты тексерудің нәтижесінде Астананың ІІД жауапты екі қызметкері тәртіптік жазаға тартылды", - деді Сәдубаев.

Сонымен қатар, осы дерек бойынша Астана қалалық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының өкілдері ҚР ҚК 423-бабында қарастырылған заңбұзушылықтың белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеудің қорытындысы бойынша Астана қалалық ІІД өзге де лауазымды тұлғаларын тәртіптік жазаға тарту мәселесі шешіледі.

23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбей. Ерасыл Әубәкіров елордадағы жоғары оқу орнының алтыншы курсында оқыды. 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмады. Келесі күні достары оның жоғалып кеткенін хабарлады. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети