17 наурыз 2016 12:11

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты мәліметтің не себепті таралып кеткені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс материалының не себепті жайылып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс материалының не себепті жайылып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысынан кейін тілшілер министрден мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға тыйым салу Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты ақпараттың таралып кетуіне қатысы бар ма деп сұрады.

"Жоқ, мұның оған қатысы жоқ. Бұл тек осы мекемеде жұмыс істейтіндерге қатысты. Оқиға орнында не болғаны туралы сұраққа келсек, бұл дұрыс әрекет емес. Біздің қызметкерлер оқиға болған жерде пайдалануға болмайтын құрылғыны қолданған. Ондай жерлерде сарапшылар, видеокамеалар жұмыс істейді. Олар ақпаратты басшыларына осылайша тез жібермек болыпты. Оқиға болған жерді суретке түсіріп, ортақ байланыс құрылғысы арқылы жолдайды. Осылайша сурет жайылып кетті. Бұл заңбұзушылық, осыған байланысты қызметкерлер тиісті жазасын алды. Үлкен жиын өткізіп, қызметкерлердің мұндай құрылғыларды пайдаланбауын ескерттік", - деді Қасымов.

Айта кетейік, Ерасыл Әубәкіровтің денесі табылған жерді суретке түсіргені үшін Астана ІІД-ның екі қызметкері жазаланған болатын.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Кейін студент өлі күйінде табылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети