Ердоған Назарбаевқа түрік құрылысшыларын қолдағаны үшін алғыс айтты

16 Сәуір 2015, 15:37
0
Ердоған Назарбаевқа түрік құрылысшыларын қолдағаны үшін алғыс айтты - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа түрік құрылысшыларын қолдағаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Астананы салуда, сонымен қатар өзге жобалардың құрылысында түріктің құрылысшылары маңызды роль атқарды. Бірінші кезекте біздің құрылысшыларға осындай қолдау білдірген Президент мырзаға алғыс білдіргім келеді. Аллаға шүкір, мұнда, Астанада біздің фирмалар қызмет етіп жатыр", - деді Ердаған Ақордада Қазақстан Президентімен жүргізген келіссөздердің қорытындысында.

"Біздің құрылысшылар бізді ренжіткен емес, олар жақсы жұмыс істейді", - деді түрік президенті. Ол екі елдің президенттері қатысқалы отырған Қазақстан-Түркия бизнес-форумына 200 кәсіпкердің қатысуды жоспарлап отырғанын атап өтті. 

Осыған дейін бүгін, 16 сәуірде Елбасының Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездескені хабарланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай