Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ереже бұзған 085AV номерлі көліктің ҚР Президенті Іс Басқармасына қатысы жоқ болып шықты

26 Шілде 2016, 12:58
0

Жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған 085AV мемлекеттік номерлі көлік жүргізушісінің ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы мен ҚР Президенті Іс Басқармасына қатысы жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасының өкілдерінің мәліметінше, Парламент депутаттарына қызмет көрсететін 085AV номерлі көлік оларда жоқ. Сондай-ақ, ол көліктің ҚР Президенті Іс Басқармасындағыларда да жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, үкіметтің сайтында белгілі бір көліктерге берілетін мемлекеттік тіркеу номерлерінің тізімі бар. Онда көбінесе көліктер AV әріптерімен белгіленеді. Яғни, ол көліктер ҚР Президенті іс Басқармасындағыларға тиесілі.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіндегілерден 085AV номерлі көліктің кімдікі екенін білуге тырыстық. Бірақ мұндай мәліметті тек көлік иесіне немесе соттың сауалы арқылы білуге болатыны түсіндірілді.

Еске салайық, ер адам жол ережесін бұзған мемлекеттік органдарға тиесілі көлікті түсіріп алған болатын. Көлік жүргізушілердің бірі, 085AV мемлекеттік номері бар Mercedes маркалы көліктің иесі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы бойынша ("Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау"; ол бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай