1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ержан Жиенбаев ПӘ басшысының орынбасары болды

Ержан Жиенбаев. © primeminister.kz Ержан Жиенбаев. © primeminister.kz

Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта. 

Осыған дейін Әлия Рақышева осы қызметтен босатылды. Ол Президенттің кеңесшісі болды.

2019 жылдың шілдесінен бастап тағайындалғанға дейін Жиенбаев премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ол 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек етті. Жиенбаев ҚР премьер-министрі кеңсесінің аға сарапшысы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдан 2013 жылға дейін премьер-министр кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Жиенбаев премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.