ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2019 | 16:16
Ержан Жиенбаев ПӘ басшысының орынбасары болды
Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Осыған дейін Әлия Рақышева осы қызметтен босатылды. Ол Президенттің кеңесшісі болды.
2019 жылдың шілдесінен бастап тағайындалғанға дейін Жиенбаев премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Ол 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек етті. Жиенбаев ҚР премьер-министрі кеңсесінің аға сарапшысы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдан 2013 жылға дейін премьер-министр кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Жиенбаев премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Показать комментарии
Читайте также