Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26 Наурыз, 20:39
0
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды - Ержан Жылқыбаев. © primeminister.kz
Ержан Жылқыбаев. © primeminister.kz

Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ержан Жұматұлы Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 


Ержан Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Леңгір қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің бас сарапшысы болып тағайындалған.

2007 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бөлім басшысы болып еңбек еткен. 2009-2011 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары. 2011-2012 жылдары - Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2015 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы.

2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аймақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай