12 қараша 2014 19:12

Ерлан Арынның адвокаттары қорғау құқығының бұзылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Арын. ©pm.kz Ерлан Арын. ©pm.kz

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның адвокаттары қорғау құқығы бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  тілшісі.


Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның адвокаттары қорғау құқығы бұзылғанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  тілшісі.

"Бізге тұрғылықты мекен жайы көрсетілмеген, куәгерлердің тізімін беру керек болған. Алайда бізді ондай мүмкіндіктен айырып, қорғау құқығымызды бұзып отыр. Біз осы күнге дейін бұл іс бойынша куәгерлерді білмейміз. Cот барысында да тергеушіден куәгерлер тізімін сұрадық, ал олар бермей отыр. Тіпті бізге куәгерлер тізімін бермей отырғанын ескермегенде, бұл жағдайды іс жүргізуде тараптардың тең құқығы сақталмай отыр деп бағалауға болады. Бұл біздің де, айыпталушының да құқығын бұзу", - деп мәлімдеді Ерлан Арынның адвокаты Күлжан Ержанова.

Әріптесінің мәлімдемесін экс-әкімнің екінші қорғаушысы Айжан Сабырина да қолдап отыр. "Қылмыстық процессуалдық кодекс бойынша іс сотқа өтпес бұрын мемлекеттік айыптаушы барлық айыптау қорытындысында қосымшалармен таныстыруы тиіс. Алайда олай болған жоқ. Біз айыптаушы тараптың қанша куәгері барын да білмейміз. Олар сотқа қалай шақырылады? Бізді белгісіз жағдайда қалдырып отыр", - деп қосты Сабырина.

Ерлан Арынға қатысты сот Павлодардағы арнайы ауданаралық қылмыстық сотта ашық тәртіппен қаралып жатыр. Оған алаяқтық жолмен 1,6 млн теңгені жымқырды, пара алды және қылмыстық жолмен тапқан ақшалай қаражатты заңдастырды деген айып тағылған.

Бүгін, 12 қараша күні мемлекеттік айыптаушының куәгерлерінен жауап алынды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети