Ерлан Әукенов Алматы әкімінің орынбасары қызметіне қайта келді

29 Тамыз 2018, 16:41
0
Ерлан Әукенов Алматы әкімінің орынбасары қызметіне қайта келді -

Ерлан Әукенов шетелдегі оқуын Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебі магистратурасын "Қалалардың дамуы" бағдарламасы бойынша бітірген соң Алматы әкімінің орынбасары лауазымына қайта оралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқу барысында урбанизация, қала агломерациясын қалыптастыру, экономикалық аймақ құру, көлік жүйесі мен инфрақұрылымды дамыту,олардың әлеуметтік-экономикалық процесстер мен қала эклогиясына әсері бойынша дәріс алынды. Әлемнің ұсақ және ірі мегаполсистерінде Green Economy және Resilient city сынды әлемдік тәжірибенің заманауи концепцияларын енгізу мәселелері зерттелді.

Алматы әкімдігінде Ерлан Әукенов көлік, әлеуметтік және халықты еңбекпен қамту, ТЖ салаларына басшылық жасайды. Бұрындары ол ндустриалды-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін басқарған болатын.

Ол 2015 жылдың тамыз айында Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Араға екі жыл салып оқуға түсуіне байланысты қызметінен кеткен болатын.

Өз кезегінде әкімнің орынбасары Мұрат Дәрібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мұрат Дәрібаевқа атқарған қызметі үшін алғыс айтып, табыс тіледі. Соңғы жылдары ол еңбек пен әлеуметтік қорғау, қоғамдық көлікті жаңарту, жолды жөндеу мен салу салаларында, соның ішінде БРТ желісін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстар атқарды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай