27 қыркүйек 2019 08:43

Ерлан Әукенов Светлана Жақыпованың орнына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Әукенов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін аталған лауазымды атқарған Светлана Жақыпова берген өтінішіне сәйкес, өз қалауы бойынша қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерлан Мұратұлы Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған. 

Түрлі жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде, "XXI ғасыр көшбасшысы" жастар орталығы" РҚБ, "Қазақстан жастарының конгресі" ЗТБ, "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингi" АҚ еңбек еткен.

2010-2011 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары; 2011-2014 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 2014-2015 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 

2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети