Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 336.05
EUR / KZT - 394.49
CNY / KZT - 50.63
RUB / KZT - 5.85

Ерлан Қарин: Ауғанстан біз үшін - "тұңғиық"

01 Ақпан 2014, 11:58
1
Ерлан Кариннің Facebook-тағы фотосуреті
Ерлан Кариннің Facebook-тағы фотосуреті
Белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің Facebook-тағы парақшасында Ауғанстанға барып келгеннен кейінгі түйген ойы мен өзі түсірген әр фотосуретке жеке-жеке тоқталыпты. Ерлан мырза жариялаған мәліметтерге әзіресе әлгі желіде тіркеуінде тұрғанған оқырмандар зор қызығушылық танытқан екен. Осы жазбаға байналыста Tengrinews.kz сайтының тілшісі саясаттанушыдан Ауған жеріне не мақсатпен барғанын, әлемдік БАҚ өкілдері жариялап жатқандай егер НАТО әскері биыл, яғни 2014 жылы Ауғанстанды тастап шығатын болса, ол елді айтпағанда көршілес жатқан Орталық Азияға қаншалықты деңгейде қауіп-қатер төнуі мүмкіндігін сұрап көрген еді.

"Менімше әлем елдерінде Ауғанстан жайында бір қырын ғана айтып, көрсететін қатып қалған түсінік бар. Нақтырақ айтсақ, бұл ел жайында жалған мәлімет, қате түсінік жетіп артылады. Ал шынығында ауған елінің бізге белгісіз тұстары өте көп екеніне мен тағы бір мәрте көз жеткіздім. Біз үшін ол мемлекет - "түбі көрінбес тұңғиық" секілді", - дейді Ерлан Қарин.

Дәл қазіргі уақытта Ерлан мырза қауіпсіздік және терроризм жайында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нақты жобаларды жүзеге асырумен келеді. Оның жер бетінде әр елге жүйелі түрде жасаған сапарлары өзі айналысып жатқан жұмыстармен тығыз байланысты. Ауған жеріне баруының басты себебі де сондықтан. Айта кетейік, іс-сапарларға кеткен қаржыны Ерлан мырза өз қалтасынан шығарыпты.

"Бұл сапар менің зерттеу жұмыстарыма қажет болды. Мен бұл елге барып қайтуды көптен бері жоспарлап жүргенмін. Сондықтан ол елдегі жағдайды өз көзіммен көріп, мемлекеттік құрылымдардағы қызметте және түрлі тәуелсіз зерттеу орталықтарының мамандарымен тілдесіп қайту мен үшін үлкен олжа болды деп айта аламын", - деді Е. Қарин.

Саясаттанушы Қазақстандағы сарапшылар қауымдастығы мен түрлі ғылыми зерттеу институттар Ауған елі туралы мәліметтерді алуда негізінен шетелдік БАҚ дайындаған ақпараттарға ғана жүгінетінін, ал бұл қате түсінік қалыптастыратынын айтты. "Қысқасы, бізде, қажетті мәліметтерді алатын діңгек те, сүйенер нақты ақпарат көзі де жоқ", дей келе сөзін былай жалғастырды: "Бұл сапардан нақты қорытынды жасау әлі ерте. Бір жағынан Ауғанстандағы жағдай шетелдік БАҚ хабарлағандай деңгейде емес, тіпті кей салада ілгерілеушіліктің де байқалды. Ал екінші жағынан тұрғындар арасында үрейді де барын жоққа шығаруға болмас".

Е. Қарин Ауғанстанға барардың алдында ғана ол елде өте күшті террорлық акт жасалса, ал қайтқан күні де тағы бір теракт ұйымдастырылған еді.

"Біз кездескен Ауғанстанның СІМ, Қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілдері елдегі жағдай тұрақты, әрі бақылауда деп сендіргенімен, орын алған террорлық әрекеттердің азаймай тұрғаны анық", - деді ол.



Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай