15 қазан 2018 13:38

Ермегияевке болысқандардың ісі: Прокурор колонияның экс-басшысын 7 жылға соттауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астананың Байқоңыр аудандық № 2 сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегиявке болысу ісіне қатысты сот ісі аяқталуға жақын қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың Байқоңыр аудандық № 2 сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегиявке болысу ісіне қатысты сот ісі аяқталуға жақын қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы Талғат Ермегияев жазасын өтеген колонияның экс-басшысы мен оның орынбасарын өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп тануды сұрады.

Айыптаушы тарап сотталушылардың кінәсі толықтай дәлелденгенін айтады.

"Мемлекетітк айыптаушы осы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталды деген шешімге келді. Сотталушылар Әбен мен Мұсаевтың әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға берілді. Осы ретте Нұрлан Әбенді ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жазасын орта деңгейдегі колонияда өтесін, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Әбенді әділет полковнигі арнайы атағынан айыруды сұраймын", - деді прокурор Бахтияр Ерназаров.

Айта кетейік, сотталушылар былтыр желтоқсанда қамауға алынған болатын.

"Талғат Мұсаев ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын орта деңгейдегі колонияда өтесін. Өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Әділет майоры арнайы атағынан айыруды сұраймын", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Прокурордың айтуынша, Ермегияевке жазасын өтеп жатқан кезде ерекше жағдай жасалған.

"Ермегияевтің бөлмесінде бес ұялы телефон, тұрмыстық техника, тоңазытқыш, электр шәйнек, қысқа толқынды пеш, газ плитасы, тостер, салқындатқыш және тағы басқа техника болған. Жиһаз, жеке заттар, азық-түлік өнімдері мен жеткілікті мөлшерде сусындар болған", -деді прокурор Ерназаров.

Мұның алдында Талғат Ермегияев ісі бойынша сотта бұрынғы Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың жауабы тыңдалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети