03 тамыз 2017 13:30

Ермекбаев шетелде діни білім алудың қажеті жоқтығын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ермекбаев Нұрлан Ермекбаев

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінде шамамен 300 қазақстандық азаматтың шетелде діни білім алып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінде шамамен 300 қазақстандық азаматтың шетелде діни білім алып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олардың бір бөлігі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардың бағытымен кеткен, олардың жартысынан көбі - біздің батыс облыстарымыздың азаматтары. Ал кейбір студентер оқуын бітіріп келеді, ал кейбіреулері сол күйі шетелдегі оқуын бітірмей қайтып келіп жатыр, - деді Нұрлан Ермекбаев.

"Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардың бағытымен емес, керісінше, өз еркімен кетіп, сол жақтағы күмәнді оқу орындарына түсіп қалған студенттермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі: елшілікпен, дипломаттармен, ҚМДБ өкілдерімен. Бірақ кеткендердің көпшілігі Қазақстанға өз еркімен оралады", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Сондай-ақ, министр шетелдегі студенттермен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтып өтті.

"Студенттердің көбі қайтып келді - мұнда да білім алуға болатынын түсінді. "Нұр-Мүбарак" университетінде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Бір жаққа барып, түрлі қауіп-қатерге барудың керегі жоқ", - деді министр.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, діни білім алу үшін өз еркімен және аяқасты шетелге барудың қажеті жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети