24 шілде 2018 12:50

Ернұр Сәдуақасты іздестіру шаралары: Шопан баланың жылаған даусын естіген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ktk.kz ©ktk.kz

Шопандардың бірі полиция қызметкерлеріне кеше түнде "Қарғалы" ауылының аймағында баланың жылаған даусын естігенін айтқан. Ол Ернұр Сәдуақастың жоғалып кеткен жерінен 25 шақырым аралық жерде болған. Барлық іздеу күші сонда жіберілді, бірақ іздестіру нәтижесін бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 


Шопандардың бірі полиция қызметкерлеріне кеше түнде "Қарғалы" ауылының аймағында баланың жылаған даусын естігенін айтқан. Ол Ернұр Сәдуақастың жоғалып кеткен жерінен 25 шақырым аралық жерде болған. Барлық іздеу күші сонда жіберілді, бірақ іздестіру нәтижесін бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Шопан жеңгесіне айтқан, ол бізге хабарласты. Кейін одан сұрағанымызда: "Сіз ер жеткен ер адамсыз, айналыңызда тірі жан жоқ. Баланың жылаған даусын естісеңіз неге көмекке жүгірмедіңіз?" дегенде шопан: "Мен бала жоғалып кеткенін білмедім ғой" деп жауап берді. Одан "мүмкін қасқырладың ұлығанын естіген шығарсыз " дегенімізде ол 6 күн бойы қасқырлар ұлымағанын айтты. Айтуынша, баланың жылаған даусы екеніне анық көзі жеткен", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері. 

Құтқару бөлімшесінің қатысушылары бала 25 шақырымдық жолды бағындырғанына күмән тудырып отыр. Бірақ, бұл дәйек тексерілген, ауаға тікұшақ ұшырылған. 

"Іздестіру іс-шарасы жалғасып жатыр. Қазір тек полиция қызметкерлері қалды. Бүгін 40 қызметкер іздестіруге кетті. Тікұшақты қайта көтеру бекер болмақ. Себебі, бала бір кішкене ғана үйдің ішінде болса, оны көру мүмкін емес. Әзірше, баланың қайда екенін анықтап жатырмыз", - деді Алматы облысының ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жоғалып кеткен жеті жасар баланы қорқытқан шопан жайлы не білеміз?

Мұның алдында 7 жасар Ернұр Сәдуақасты іздестіру жұмысына тікұшақ тартылғаны айтылған еді. Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаевтің айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларына  құқық қорғау органының 40-қа жуық қызметкері жұмылып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында тауға барған 7 жасар баланың із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ернұр Сәдуақасовты құтқарушылар мен еріктілер төрт күн бойы іздестіріп жатыр жатыр. Әзірге бар тапқандары баланың аяқкиімінің бір сыңары ғана.

Ынтымақ ауылының тұрғындары Ернұрды сенбіден бері іздестіріп жүр. Олардың айтуынша бала қорқақ болатын, бөтен адамдармен сөйлеспейтін. 14 шілдеде жақындары жалғыз өзін ойнауға жіберген күні, бала іс-түссіз жоғалып кеткен.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети