25 желтоқсан 2017 11:02

Эротика мен қару - Мемқызметкерлердің әлеуметтік желідегі парақшаларынан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдарда қызметкерлерге не істеуге болмайтынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдарда қызметкерлерге не істеуге болмайтынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Агенттік мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдепті сақтауына қатысты әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізгені хабарланып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің 54 745 аккаунтының контенті тексеруге алынған. 2 212 аккаунттағы 2 300 сурет, 21 видео және 46 пікір қоғам сынына қалуы мүмкін, күмәнді мазмұнда екені анықталды. 

"Онда мемлекеттік қызметкерлердің ойын-сауық орындарында алкогольді ішімдік ішіп, былапыт сөз айтып, эротикалық мазмұндағы және қолына қару ұстаған суреттер мен видеолар бар. Кей суреттерден құмар ойындарға әуестігін байқатады", - делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, биыл осыған байланысты 277 мемлекеттік қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 112 шенеунік қызметтік көлікті жұмыс уақытынан тыс пайдаланғаны үшін жазаланды. 

"Мәселен Өскемен әкімінің орынбасары қызметтік көлікпен демалыс орнына барған, осыған байланысты әкім жарлығымен қызметтік көлікті пайдалану құқығынан айырылды", - дейді ведомство өкілдері. 

Үнемі назарда жүретін бір мәселе жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу. Биыл арнайы мемлекеттік қорға қызметтік бабын орындау кезінде алынған 317 сыйлық өткізілді. Оның жалпы соммасы 3 миллин 200 мың теңге. 

Мемлекеттік қызметкерлерге қызмет бабы бойынша сыйлық алуға тыйым салынған, бұл ереже сақталмаған жағдайда әкімшілік, тәртіптік және кей жағдайда қылмыстық жаза қолданылады. 

"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" заңы сақталуына қатысты үнемі мониторинг жүргізеді, әсіресе алдағы мерекелер қарсаңында", - деп аяқтады ведомство өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети