Синоптиктердің 2017 жылдың 14 наурызына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің 2017 жылдың 14 наурызына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын болып, көбінесе қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен күшейеді.
"Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі", - деді мамандар.
Астана қаласында: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Батыстан соққан желдің күші 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде -13-15 градус, күндіз -1-3 градус аяз болады.
Алматы қаласында: көшпелі бұлт, кей уақытта жауын-шашын болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -2-4 градус аяз, ал күндіз 0,+2 градус жылы болады.