Ертеңнен бастап Қызылорда халқына жер телімдері беріледі

03 Шілде 2016, 14:04
0
Ертеңнен бастап Қызылорда халқына жер телімдері беріледі - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Кеше Қызылорда облысының Нағи Ілясов аулында өткен Жер реформасы жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келесі аптадан бастап қаланың 7 мыңға жуық азаматына жер телімдерінің берілетіндігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Жақында конкурсы өтті. Осының аясында жаңағы 980 гектар жерге 75 шақырым жол, 353 шақырым ауыз су желісі, 102 шақырым газ құбыры, 150 электр желісі және бір дана трансформатор 1 желтоқсанға дейін салынып бітеді. Құдай қаласа, келесі дүйсенбі, шілденің 4-і күні Қызылорда қаласының 6600 азаматына жер телімдері табысталады. Жаңа мөлтек ауданында. 36 мың халық тұратын жаңа мөлтек ауданы пайда болады. Бұл өте жақсы жетістік деп ойлаймын", - деп атап көрсетті Көшербаев.

Әкімнің сөзіне қарағанда, 2004 жылдан бері Қызылордада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілген жоқ. Қазіргі кезде кезекте 49 мың 212 адам тұр. 2013 жылы осы мәселе зерделеніп, Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында жеке үй құрылысына арналған 980 гектар жер белгіленді. Сол жылы геологиясы тексеріліп, келесі жылы 234 миллионға жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. 2015 жылы облыс басшылығы Үкіметте, ұлттық экономика және қаржы министрліктерінде бюджеттік өтінімдерімді қорғап шықты. Осының арқасында биылғы жылға 9,9 миллиард теңге бөлу туралы шешім шығарылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай