28 маусым 2016 17:07

Есентаеваның оқиғасы тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін көрсетіп берді - ҚР Мемлекеттік хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newstaraz.kz © newstaraz.kz

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қоғамның назарын Баян Есентаеваның оқиғасына аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қоғамның назарын Баян Есентаеваның оқиғасына аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық жиналыста Мемлекеттік хатшы қоғамда танымал продюсердің басынан өткен оқиғаға назар аудара отырып, тұрмыстық зорлықтың көбейгендігін айтты.

"Қоғамда үлкен шу көтерген Светлана Сәдуованың бұрынғы күйеуімен болған жағдай, сонымен қатар танымал продюсер Баян Есентаеваның оқиғасы тұрмыстық зорлық мәселесін көтерді. 2015 жылдың өзінде 2 мыңға жуық адам жауапкершіліктен құтылып кетті", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшының айтуынша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұрмыстағы қылмыстардың саны 54,5 пайызға көбейген. (68-ден 105-ке дейін).

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын cалған. Ер адам екі айға қамауға алынды. Ал 20 маусымда танымал продюсер ауруханадан шыққан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети