15 маусым 2016 14:43

Есентаеваның туыстары дәрігерлерден тілшілерге продюсердің денсаулығы туралы айтпауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Дәрігерлер бұдан былай Баян Есентаеваның жағдайы туралы айтпайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдеріне сілтеме жасап. Продюсердің туыстары дәрігерлерден осылай өтінген екен.

Соңғы рет мамандар Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлаған болатын. "Емделуші әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Орташа ауыр деп айтуға болады", - деді аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам екі айға қамауға алынды. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети