17 қаңтар 2022 20:05

Есеп комитеті "ҚазМұнайГаз" жұмысындағы заңбұзушылықтарды анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:kmg.kz Фото:kmg.kz

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті "ҚазМұнайГаз" жұмысындағы заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті "ҚазМұнайГаз" жұмысындағы заңбұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың мамырында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және оның жекелеген ведомстволық ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне аудит жүргізілген.

Аудит барысында еңбек заңнамасының кемшіліктері анықталған. Бұл кемшілік 16 сағат көлеміндегі жұмыс уақыты есебімен бір уақытта бірнеше басшылық лауазымдарды біріктіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

"Басқарма төрағасының орынбасары (қашықтан) қызметі еншілес ұйымның бас директоры лауазымымен біріктірілген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Нысандарды салу жөніндегі серіктестік" корпоративтік қоры Түркістан облысындағы амфитеатр құрылысына бөлінген 307 миллион ​​938 мың теңгеден үнемделген қаражатты қайтармағаны анықталды.

Соталды арыздан кейін корпоративтік қор "ҚазМұнайГаздың" есеп айырысу шотына көрсетілген ақша сомасын қайтарғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети