13 қараша 2018 10:02

Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Сотталушыға қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұхитова Малика Қайратқызы Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылсын. 2 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде (қоныс колониясында - автор.) өтесін, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылсын", - деді оқыды үкімді судья Қанат Тобағалиұлы.

Судья үкім заңды күшіне енген соң кепілмен босату түріндегі бұлтарпау шарасын қамауға алу түріндегі шараға өзгерту туралы шешім шығарды.

"Сот сізді осы қылмыстық құқықбұзушылық үшін айыпты деп таныды. Себебі сіздің тарапыңыздан ережебұзушылықтар болды. Біз барлық сарапшыдан жауап алып, осындай шешімге келдік. Сіздің татуласқыңыз келгенін де ескердік, дегенмен зардап шеккен тараптың ұстанымын ескере отырып, сот қатаң жаза тағайындады. Бірақ қазір сот сізді қамауға алмайды, заң күшіне енген соң қамауға алынасыз. Үкіммен келіспесеңіз, 15 күн ішінде шағымдана аласыз", - деп түсіндірді судья.

Мұның алдында прокурор сотталушыны екі жылға соттап, жазасын минимал қауіпсіздік мекемесінде өтеуді сұраған болатын. Кейінірек Малика Мұхитова сот отырысында соңғы сөзін айтқан болатын.

"(...) Осыдан екі ай бұрын Ескендір түсіме кірді. Жағадайда жүгіріп жүр екен. Үстінде ақ түсті киім болды, маған күліп қарады. Қасында бір қыз жүр. Құдайдың мені емес, оны алып кеткеніне кінәлі емеспін ғой. Өтінемін, кешіріңіздерші, мені бас бостандығымнан айырмаңыздаршы. Ата-анамды, бауырларымды аяңыздаршы", - деген еді Мұхитова сот залында.

Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Олжас Сүлейменовтің қаза тапқан немересінің қалыңдығы: "Жазда үйленеміз деп едік"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети