Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Үкімге апелляциялық шағым түсті

10 Желтоқсан 2018, 16:25
0
Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Үкімге апелляциялық шағым түсті - Ескендір Сүлейменов.
Ескендір Сүлейменов.

Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты іс бойынша сотқа апелляциялық шағым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шағымды сотталған Малика Мұхитованың өкілі жолдады.

"Сотталушының өкілі бірінші инстанциядағы соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын. Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді.

Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

"Өтінемін, бас бостандығымнан айырмаңыздаршы". Ескендір Сүлейменовтің өлімі бойынша істегі сотталушының соңғы сөзі

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай