24 қазан 2018 | 14:55

Ескендір Сүлейменовтің туыстары неге сотта 14 миллион теңге өтемақы сұрағанын түсіндірді

Ескендір Сүлейменовтің туыстары жол апатынан келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы талап арызын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ескендір Сүлейменовтің туыстары жол апатынан келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы талап арызын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 24 қазанда сот отырысында зардап шеккен тарап келтірілген мүліктік залалды өтеу туралы талап айтқан болатын. Шығынның жалпы сомасы - 14 миллион 753 мың 190 теңге. 

Реклама
Реклама

Сот отырысынан кейін Ескендір Сүлейменовтің туыстары бұл өтініштің соттың талабы бойынша берілгенін мәлімдеді.

"Қазір БАҚ-тарда ұлымыздың өміріне баға беріп жатқанымыз жайлы жазылып жатыр... Бірақ бұл олай емес. Біз ешқандай да шығын жайлы айтқымыз келіп отырған жоқ. Оны судья талап етіп отыр: "Материалдық залалды көрсетіңіздер". Бізге материалдық залалы керек те емес. Тек әділ шешім қабылданып, жазасын лайықты адамдардың алғанын қалаймыз", - деді анасы Лейла Сүлейменова.

Осыған дейін сот отырысы барысында ІІД басшысының қызы 26 жастағы Ескендір Сүлейменовтің өлімі үшін кешірім сұраған болатын.

Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың "Самрұк-Қазына" АҚ-та жұмыс істейтіні болды.

"Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен қыздың әкесі Қызылорда облыстық ІІД басшысы болып жұмыс істейді: Мұхитов Қайрат Болатұлы. (...) Жүргізуші Мұхитованың тарапынан мынандай әрекет - ол солға бұрылған кезде жол қозғалысы туралы ереженің 13.5 пунктін бұзғаны анықталды. Мұхитова Алматы көшесінен Мәңгілік ел даңғылына бара жатып, Керей Жәнібек хандарының көшесіне келгенде солға бұрылды. Бұл жерде ол мотоциклшіге жол беруі тиіс болатын", - деп хабарлаған еді осыған дейін Астана қалалық ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Олжас Сүлейменовтің қаза тапқан немересінің қалыңдығы: "Жазда үйленеміз деп едік"


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная