Есімі әлемге танылған бүркітші қыз тұрмысқы шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: @nurgaiv_aisholpan

Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқы шықты. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқы шықты. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айшолпан Нұрғайыпқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышын бөлісіп, той үстінен кадрлар жариялаған.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, бүркітші қызға жарыса бақыт тілеп жатыр.

"Сіңілім бақытты болғайсың! Барған жеріңде бағың жансын", "Бақытты отбасы болыңдар, батыр қыз", "Бақытты бол, бүркітшы қыз", - дейді Айшолпаның оқырмандары.

Айшолпан туралы толығырақ

Айта кетейік, 2024 жылы Айшолпан Нұрғайыпқызы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған еді. Дәлірек айтсақ, Моңғолиядан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылына көшіп келген.

Бүркітші Айшолпан туралы режиссер Отто Белл "The Eagle Huntress" атты фильм түсірген. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде, оның ішінде Лондон, Нью-Йорк, Дубай, Токио, Сидней, Франция секілді елдер мен қалаларда көрсетілді. Көпшілік көңілінен шыққан "The Eagle Huntress" фильмі 2015 жылы "Оскар" сыйлығына да ұсынылған болатын. Ал 2018 жылы Нью-Йорк қаласында "Asia Game Changer" сыйлығын иеленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама