22 наурыз 2014 17:27

Есімов алматылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахметжан Есімов. Фото Ярослав Радловский© Ахметжан Есімов. Фото Ярослав Радловский©

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов алматылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Алматыда Республика алаңында Наурыз Мейрамына арналған мерекелік шара өтуде. Алматылықтарға Наурыз мерекесінің тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын баяндайтын театрландырылған көрініс қойылып отыр. Шаһар басшысы Ахметжан Есімов қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт пен табыс тіледі. Қала әкімі мызғымас құндылықтардың – халық бірлігінің, ынтымақтастықтың, өзара түсіністіктің басым рөл атқаратынын тілге тиек етті. «Біз тек бірлігіміз бен ұлтаралық татулығымыздың арқасында әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқынын күшейтіп, елімізді әлемнің дамыған 30 елдің қатарына енуін қамтамасыз ете аламыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, елімізде ұлттық ежелгі дәстүрімізді батыстың құндылықтарымен синтездей алдық», - деді қала әкімі Ахметжан Есімов Шаһар басшысы Президентің салиқалы саясатының арқасында Қазақстан толерантты қоғамның үлгісіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің арқасында, елімізде өзіндік халықаралық және халықаралық конфессионалды диалогтың құрылғанын, қазіргі таңда 130 ұлттың бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде екенін айтты. Сондай-ақ, қала әкімі еліміздің дамуына үлес қосқаны үшін алматылықтарға алғысын білдірді. «Еліміздің 20% байлығы біздің шаһарымыздың жетістігі екенін есте сақтауымыз керек. Құрметті алматылықтар, бұл еңбекті сіздер атқардыңыздар. Атқарған жұмыстарыңыз бен қолдауларыңыз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін», - деді ол. Мереке қазақ эстарадасының жұлдыздары өнер көрсеткен концертке ұласты. Қолөнер шеберлері ұсынған жәрмеңке мен ұлттық тағам түрлері, наурыз көже халыққа ұсынылды. Республика алаңындағы мерекелік концерт сағат 22.00-де отшашумен аяқталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети