30 шілде 2015 11:51

Есімов Алматының Олимпиадаға қаншалықты дайын екенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bazis.kz © bazis.kz

Малайзияның астанасы Куала Лумпурда Халықаралық олимпиада комитетінің 128 сессиясы аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды Strategy2050.kz


Малайзияның астанасы Куала Лумпурда Халықаралық олимпиада комитетінің 128 сессиясы аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды Strategy2050.kz

Мәслихат барысында шетелдік медиа өкілдері Қазақстан мен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар, журналистер Алматының Олимпиада-2022 өткізуге қандай дайындықтар жүргізіп жатқанына қызығушылық танытты.

"Егер біздің Олимпиада өткізуге берген алғашқы өтінішімізді еске алатын болсақ, осы мерзім аралығында қаланың экономикасы екі есе артты, инфрақұрылым жақсарып, спорт және мәдениет нысандары жетілдірілді. Бүгінде Алматы еліміздің экономикалық орталығы болып табылады және республикалық бюджеттің басым бөлігін жасақтайды, қаланың ЖІӨ көлемі дағдарысқа қарамастан кейбір көршілеріміздікінен асып жығылады. (...)", - деп жауап берді Есімов.

Сонымен қатар, ол үміткер қалалардың басым бөлігі шығын көлемінің өте көп болуына байланысты өз кандидатураларын алып тастағандарын атап өтті.

"Күн тәртібіндегі басты мәселе Ойындарды өткізуге аз шығындану. ХОК бағалауында Алматыда спорт нысандарының 70 пайызы бар, онда түрлі деңгейдегі жарыстар өткізілген. ӘЧ бастап түрлі ойындарға дейін. Мысалы, 2015 жылы коньки спортынан ӘЧ өтті. Яғни, бізде спорт нысандарының 70 пайызы дайын. Бүгінде біз Универсиада 2017 өткізуге дайындалып жатырмыз, яғни 2017 жылдың басына қарай Олимпиада-2022 өткізуге қажетті спорт нысандарымыздың саны 80 пайызды құрайтын болады. Біз ХОК талаптарына толығымен жауап береміз", - деп түсіндірді Алматы әкімі. 

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығына Алматы мен Бейжің үміткер. Халықаралық Олимпиада комитетінің атқарушы комитеті Қазақстанның оңтүстік астанасымен бірге Осло (Норвегия), Бейжің (Қытай) қалаларын да үміткер ретінде бекіткен болатын. Бірақ кейін Норвегия астанасы өз өтінішін қайтарып алды. Олимпиада-2022 өтетін қала ХОК мүшелерінің дауыс беруінен кейін 31 шілдеде жарияланатын болады. Ал, бүгін 30 шілде күні Алматы мен Пекин қалалары өздерін таныстырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети