24 маусым 2014 15:43

Есімов қонақүйлер рейтингін жасауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаладағы қонақүйлердің рейтингін жасауды ұсынды. Бұл туралы ол І Халықаралық қонақүйлер форумында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаладағы қонақүйлердің рейтингін жасауды ұсынды. Бұл туралы ол І Халықаралық қонақүйлер форумында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысының айтуынша, Алматыда жыл сайын қонақүйлердің қатары көбейіп келеді. 2003 жылы 36 қонақүй болса, 2007 жылы 79, ал қазір 90-ға жетті. Бірақ олардың көбі - ешқандай санатқа жатпайтын отельдер. Алматылық мейманханалардың 6%-ы ғана бесжұлдызды саналады. Қонақүйлердің орташа толтырылымдығы - 27,4%.

"Жұлдызды анықтауға тәртіп енгізу керек. Бәлкім, бізге қалалық рейтинг енгізіп, оны қала сайтында жариялап тұру керек шығар. 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту тұжырымдамасында жайғастыру орындарын жіктеу - қонақүйлерді жіктеуге, оларға тиісті сертификат беруге және олардың рейтингтік бағаны ұстап тұруына бақылау жүргізуге жауапты ұйымды анықтау мәселесіне дер кезінде көңіл бөлініп отыр", - деп мәлімдеді әкім.

Әкімнің айтуынша, Алматы қонақүйлерінің басты мәселесі - баға мен сапаның сәйкессіздігі. Есімов бұған білікті мамандардың тапшылығы себеп деп есептейді. "Заманға ілесіп жүрген бірде-бір қонақүй қызметі жоқ. Ол техникалық қызметке ғана емес, қауіпсіздікті айтпағанда, шаруашылық, тамақтандыру қызметтеріне де қатысты. Қонақүйлердің қалыптасып нарығында клиент үшін ғана емес, білікті, адал, икемді жұмысшылар үшін де қатаң күрес жүріп жатыр. Мен мейманхана қожайындарына сіздердің нысандарыңыздың қаланың басты көрсеткіші екенін ұмытпауды айтқым келеді. Сервис деңгейін көтеріңіздер, бағаны емес. Қазіргі туриске отельдердегі қызмет құнының сапаға сай келгені маңызды", - деді Есімов. Оның айтуынша, мейманханалар рейтингін Қазақстан туристік қауымдастығы басқаруы мүмкін.

Бұл қауымдастықтың директоры Рәшида Шәйкенованың айтуынша, алдымен мейманханаларды бағалау шарттарын жасап алу керек. "Қазірдің өзінде бұл бағытта жұмыс басталған. Бағалаудың шетелдік жүйесін негізге алуға болады. Бірақ біздің жағдайымыздың ерекшеліктері ескерілуі керек", - дейді Шәйкенова. Сарапшы жаңадан салынатын инфрақұрылымдар алдымен Қазақстан азаматтарына арналуы керек екенін айтады, өйткені жаңа нысанға шетелдік туристердің ағылға кетуі мүмкін емес. Алдымен жергілікті азаматтар қызығын көргеннен кейін оның артынан шетелдіктер ілеседі. Мейманханалар қызметінің сапасын жақсарту үшін Алматыда қонақүй бизнесі мамандарын даярлайтын орталық салу да жоспарланып отыр. "Жетісу" қонақүйінің базасында арнайы мектеп пайда болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети