02 қазан 2015 16:05

Есімов Назарбаевқа EXPO-2017 нысандарының құрылысы туралы баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тwitter.com/KhabarTV © Тwitter.com/KhabarTV

Елбасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Елбасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуге сондай-ақ KCA International компаниясының басшысы Хуан Чю және "Сембол Констракшн" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Феттах Таминдже қатысты.

Есімов Мемлекет басшысына көрме нысандарындағы құрылыс жұмыстарының барысы және оны ілгерілету шаралары туралы, сондай-ақ "ЭКСПО-2017" аумағы мен павильондарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде баяндады.

Ал KCA International компаниясының басшысы Қазақстан Президентін ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысаны - Сфераның ішін жабдықтау тұжырымдамасымен таныстырды. "Сәулет және дизайн тұрғысынан, сондай-ақ нысанды жасау барысында қолданылатын технологиялары жағынан Сфера айшықты ғимарат болады. Біз оны Париждің Эйфель мұнарасы немесе Сидней опера театры сияқты әлемге әйгілі брендке айналдыруды жоспарлап отырмыз", - деді Хуан Чю.

© skyscrapercity.com

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрменің ең негізгі мақсатының бірі жаңа энергетикамен таныстыру мүмкіндігі екеніне тоқтала келіп, бұл идея Қазақстанның павильонында кеңінен көрініс табуы тиіс екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети