Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Есімов оқығысы келмеген пәнді оқуды Шойгу міндеттемекші

26 Қараша 2014, 12:45
0
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі

 РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу кеше ел президенті Владимир Путиннен қала әкімдері мен губернаторлардың әскери дайындықтан өтуін жеделдетуді сұрады. Іргедегі көрші осылайша іштей шала бүлініп, жер бетінде де қарулы қақтығыстар жиілеп жатқанда бізде бірер күн бұрын Алматы әкімі алғашқы әскери дайындық пәнін алып тастауды сұрап, Білім министріне қолқа салған еді...

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

– Алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәнінде граната жарылып, Алматыда қайғылы оқиға орын алған соң қоғамда осы сабақтың бізге қажеттілігі бар ма деген мәселе көтеріліп, қызу талқыланды. Өзімнің жеке басымнан өткеннен мысал келтірсем, маған мектепте Калашников автоматын тез құрау немесе алысқа граната лақтыру бойынша алған біліміме қарағанда университеттегі алғашқы медициналық көмек дәрісі көбірек көмек беріпті. Осы жағынан алғанда, Алғашқы әскери дайындықты Алғашқы медициналық дайындық пәніне неге айналдырып жібермеске?.. Табиғи зауалдарда, техногендік апаттарда қалай әрекет қылған дұрыс? Осы мәселені қамтитын білімді оған қосып қоюға болар еді. Сонда мұндай пәннен көбірек пайда болар еді деп ойлаймын. Ал егер дұшпан шапса, одан АӘД емес, кәсіби, жоғары технологиялық және жемқор емес әскер бізді құтқаруы тиіс. Жалпылай алғанда, АӘД пәні қазіргі соғыстың мүлде басқалай жүретінін есепке алмаған, ол бағзы партизан соғысына икемделген дәріске көбірек ұқсас.

Әрине, әкімнің өз қаласында орын алған қайғылы оқиғаға алаңдаушылық танытып, мәселе шешімін қарастыруға жекелей атсалысуы қоштарлық іс. Әкім айтқандай, бұл пәннің деңгейі, шынымен де заман талабына сай емес. Алайда оны мүлде алып тастауды ұсынуы – еш ақылға сыйымсыз. Білім және ғылым министрлігінің оны құп көрмеуі сондықтан да болар.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай