Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Есімов селден зардап шеккен аудандардың тұрғындарымен кездесті

05 Тамыз 2015, 17:41
0
© Дәурен Исаев
© Дәурен Исаев

Алматы әкімі Ахметжан Есімов селден кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Алатау және Наурызбай аудандарына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары кезінде әкім тоғанның сүзгі, сору станцияларына және бөгетке барды. Сонымен қатар, ол үйлері зардап шеккен тұрғындардың пікірін тыңдады. "Тұрғындар ТЖ-ның салдарын жою үшін жүргізілген жедел әлі нәтижелі жұмыс үшін әкімге алғыс айтты", - деп жазылған жарияланымда.

"Қалпына келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қарғалы өзені арнасындағы суға кеткен көшелердің бәрі тазаланды. Үйлердің барлығы электр энергиясы, табиғи газ және байланыспен жабдықталды. Тоған жақын арада қайта қалпына келтіріледі", - деді Есімов. Алматы әкімі ТЖ режимі апта соңына дейін сақталатынын ескертті.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 тамызда Наурызбай ауданында бақшаны суаруға, техникалық қажеттіліктер үшін желі бойынша су беріле бастайды. Дегенмен судың лайлығы сақталады, әзірше күніне ішуге жарамды 500-550 текше метр су беріледі. Судың толық берілуі тазалау жұмыстарының бітуіне байланысты. Судың жарамдылығы зертханалық сараптама арқылы анықталады.

© Дәурен Исаев

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай