11 ақпан 2014 21:04

Есімов тауарларды шектеп сату жөніндегі хабарландыруға түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әлеуметтік желілерден алынды Сурет әлеуметтік желілерден алынды

Үкіметтегі селекторлық кеңесте Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов азық-түлік тауарларын шектеп сату жөніндегі хабарландыруға түсініктеме берді, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде "өлшеніп сатылатын тауарлар әр адамға екі келіден беріледі" деген хабарландыру жазылған сурет жарияланған. "Бұл жерде айта кеткен жөн, бүгін көптеген дүкендер шұғыл түрде жабылып, кейбіреулері бағаларын өзгерте бастады. Әсіресе импорт тауарлардың бағаларын. Бірақ бізде әрбір ауданда жедел штабтар бар. Сондықтан біз оларға сауда қалыпты жағдайда жүргізілуі үшін, бірден азық-түлік қорларының қанша екенін анықтап алу жөнінде тапсырма бердік. Кейбіреулері "өлшеніп сатылатын тауардан тек екі келіден, даналап сатылатындары екі шөлмектен" деп хабарландыру жазып қойғандықтан, біз оларды бақылап отырмыз. Жұмыс өте көп. Қазір біз жиналып, осы мәселені талқылаймыз», – деп баса айтты А.Есімов. Оның айтуынша, БАҚ доллар бағамының көтерілгендігін жариялаған бетте, барлық қызмет түрлеріне бағалардың, әсіресе әлеуметік маңызды тауарлардың бағаларының негізсіз күрт көтерілуіне жол бермеу үшін мониторингті күшейту жөнінде тапсырма берілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети