31 мамыр 2014 12:43

Еуразия университеті шетелдіктің пәтер жалдауы үшін айына 225 мың теңге жұмсайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті 
©enu.kz Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті ©enu.kz

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетелдік профессорға пәтер жалдап беру үшін айына 225 мың теңгеден шығынданады. Бұл туралы Tengrinews.kz-тің арнайы жолдаған сауалына берілген жауапта айтылады. Аталған сомаға пәтерді жалдау құны, салық, коммуналдық қызмет, интернет, кабельді телевеидение және үй жинау ақылары енеді. Мемлекеттік сатып алулар аясында мұндай мақсатқа 38 миллион теңге жұмсау жоспарланғанын баса айта кетелік. Бұл - шетелдіктердің пәтер жалдауы үшін 2014 жылдың сәуірінен бастап 31 желтоқсанына дейінгі жоспарланған жалпы сома. 

ЕҰУ-дағылар жалдамалы пәтер университет қабырғасында бір жыл немесе одан көп уақытқа дәріс оқуға келген профессорларға ұсынылатынын айтады. "Мемлекеттік сатып алулар порталында көрсетілген құн негізді және ол Қазақстан заңнамасы нормаларына сай бұзылмаған" деп жеткізеді баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ ЖОО өкілдері Білім және ғылым министрлігінің қаулысымен 371 шетелдік профессорды шақыруға университетке 600 миллион теңге бөлінгенін де жеткізді. Бұл сомаға 38 миллион пәтер жалдауға  кететін шығын, жалақы, медициналық сақтандыру, виза жинағы төлемі, Астанаға дейінгі және тұрғылықты орындағы жолақы шығындары енеді. Профессорлар ұзақ мерзімге келеді, ал кейбірі екі аптаға дәріс оқып, семинар өткізуге келіп-кетеді. ЕҰУ мәліметі бойынша, қазір жоғары оқу орнында 31 шетелдік маман қызмет етеді.                     

Ал 500 ЖОО қызметкері пәтер кезегінде тұр. ЕҰУ-дың 2500 орындық 6 жатақханасында нақтысында 5000 адам тұрады. "Бүгінгі таңда универсиеттің әлеуметтік инфрақұрылымы нысандары құрылысына республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмаған" делінеді баспасөз қызметінің жауабында. Сарапшылардың мәліметінше, Астана қаласында пәтер жалдаудағы бір шаршы метрдің  құны 2285 теңгені құрайды. Бір пәтерді 50 шаршы метр деп дөңгелетіп алсақ, онда айына 114 250 теңге шығады. Ал Астанадағы орташа жалақы құны 150 мың теңге шамасында екенін де баса айта кетелік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети