18 қаңтар 2015 21:20

Еуразиялық банктің қызметкері сұхбат бергеннен кейін жұмыстан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©yvision.kz ©yvision.kz

Еуразиялық банктің қызметкері Татьяна Бурнакина жұмысынан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еуразиялық банктің қызметкері Татьяна Бурнакина жұмысынан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қаңтарда Newslab.ru порталында Красноярск қаласында туған Татьяна Бурнакинаның сұхбаты жарияланды. Сұхбатта ол Қазақстан жайлы, елдегі жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді. Әлеуметтік желілерде бұл сұхбат сан алуан пікір тудырды - қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды: біреулер Бурнакинаның артық сөз айтқанын, ал екіншілері оның сөзінде шындық бар екенін жазды. 

"Жұмысыма келсем: Еуразиялық банкте істеген бірінші үш айда блоктағы жұмыстың негізгі процесін ретке келтіргім келді. Бірақ іс ойдағыдай болмай қалған кезде (себебі қызметкер шаршағанда/жұмыс орнында болмағанда/ жеке ісімен айналысып жатқанда) бұл туралы не ойлағанымды бірден айттым, менің бір жас, бірақ өте ақылды қызметкерім бәрін керемет түсіндіріп берді. Ол былай деді: "Татьяна, түсінесіз бе, біздің бабаларымыз жұмыс істеп әдеттенбеген. Олар киіз үйде отырып, демалған, ал сыртта тамақ болды (жылқылар). Тамақ табу үшін оларға алысқа барудың да қажеті болмаған. Оларға уақыт беріңіз". Бұл сөз жұмыс істеп жүргендердің негізгі бөлігінің қарым-қатынасын толықтай көрсетіп берді", - деді ол сұхбатында.

"17 қаңтарда Еуразиялық банктің басшылығы орта деңгейдегі жетекші Татьяна Бурнакинаның шетелдік интернет-басылымына банкпен келісілмеген сұхбаты жайлы мәлімет алды. Банк басшылығы бұл сұхбаттың Бурнакинаның жеке көзқарасын білдіретінін мәлімдейді. Банктің басшылығы мен қызметкерлері оның пікірін қолдамайды және мұндай пікір айтуды өрескел деп санайды. Осыған байланысты Бурнакина ханымға банк басшылығының онымен еңбек қатынасын үзуі туралы шешімі хабардар етілді", - делінген банк хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети