Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Еуразиялық экономикалық одақ: тараптардың өкілеттілігі тең болады

06 Наурыз 2014, 10:01
0
Фото akorda.kz
Фото akorda.kz
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусь Президенті Александр Лукашенко, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысты.

Кездесу барысында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістердің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ ЖЕЭК-тің бұрынғы отырыстарында қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың негізгі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шарт жобасына дайындық барысы қаралды.

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Комиссия өкілдерімен кездесу болып өткенін хабарлап, ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

– Мен құжаттармен тармақтары бойынша жан-жақты танысып шықтым және біздің сарапшыларымыз өте үлкен әрі қиын жұмысты жүргізуде деп санаймын. Барлық даулы мәселелер жөнінде де біз түсіністікке қол жеткізе аламыз деп үміттенемін. Белгіленген кестені сақтауымыз қажеттігі туралы пікірді қолдаймын. Сондай-ақ, мемлекеттеріміздің тұрғындарына халықтарымыздың игілігі, еуразиялық экономикалық интеграцияға қосылған елдердің пайдасы үшін біздің тарапымыздан жүргізіліп жатқан жұмыстың қажеттілігін белсенді түрде түсіндірген жөн, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт екі бөлімнен – институттық және функциялық бөліктерден тұратынын айтты.

– Бірінші бөлігіне сәйкес халықаралық экономикалық ұйым құрылады. Біз одақтың органдарында тараптардың өкілеттігінің тең болуы жөнінде уағдаластық. Осындай тәжірибе соттармен қатар, басқа органдар аппараттарын қалыптастыру кезінде де сақталады. Мемлекет басшыларының шешімдері болашақ одақтың органы үшін міндетті болуға тиіс. Жаңа мүшелерді қабылдауға қатысты айтсақ, оны "топтап" қабылдау негізінде жүзеге асыруға уағдаластық. Шарттың функциялық бөлігі бойынша алдымен экономикалық одақ құрған жөн екенін атап өтпекпін. Бұл тұста елдеріміз ішінде түсініспеушілік туғызатын қосымша мәселелерді енгізудің қажеті жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті келісілмеген жайттарды біртіндеп реттеу қажеттігін атап өтті.

– Қалған мәселелерді келісу үшін шартты қабылдаудан бір ай бұрын жоғары органның тағы бір отырысын өткізу керек. Нақты шешім қабылдауымыз үшін алқаның төрағасына әрқайсымызбен кездесіп, ұстанымдарымызды келісіп алуға мүмкіндік берген жөн. Біз қазірдің өзінде айтарлықтай ілгеріледік, белгіленген мерзімдерден кешікпеуге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Ресей, Беларусь және Қазақстан интеграция жолымен жүйелі түрде ілгерілеп келе жатқанын, одан қазірдің өзінде нақты нәтижелер мен қайтарымның барын атап өтті.

– 2013 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны төмендегеніне қарамастан, "үштік" аясындағы тауар айналымы азайған жоқ, қайта арта түсіп, 64,1 млрд. долларға жетті. Ресей елдеріміз арасындағы экономика саласында қалыптасқан сындарлы, теңқұқылы және ашық қарым-қатынастарды оң бағалайды, – деді Владимир Путин.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко кездесу барысында шартқа келісілген мерзімде қол қою үшін өзара тиімді шешімдер табылатынына сенімін білдірді.

– Интеграциялық жобамызда біз нақты нәтижелерге қол жетуге тиіспіз. Мұндай нәтиже Кеден одағын құру жөніндегі жұмыстың ешқандай шектеулерсіз және олқылықтарсыз аяқталуы болмақ. Бұл мәселеде тіпті алға ілгеріледік. Біз тиісті шешімдер қабылдап, экономикалық одақ құру бағытында алға қарай мейлінше белсендірек қадам басқанымыз жөн, – деді Александр Лукашенко.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай