19 наурыз 2014 13:55

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мамырда қол қойылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Мамыр айының соңында Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі (министрі) алқа мүшесі хатшылығының жетекшісі Асқар Кішкембаевқа сілтеме жасап. "Шарт жобасы толық көлемде келісіліп, 2014 жылдың 1 мамырына қарай Мемлекет басшыларының қарауына және қол қоюына арналып дайындалады деп топшыланып отыр. Шартқа мамырдың соңында Астанада Президенттер деңгейіндегі Жоғары экономикалық кеңесте қол қойылады деп күтіледі", - деді Кішкембаев Қазақ гуманитарлық-заң университетінде Кеден одағының жұмыс істеу мәселелеріне арналып өткен конференцияда. Кішкембаевтың айтуынша, бұл Шарт экономикалық тұрақты дамуына, тауарлардың, қызмет түрлерінің, капитал мен жұмыс күшінің қандай да бір тәркілеусіз және шектеусіз еркін айналымына жағдай жасайды. "Бұл Шартқа сәйкес, біздің елдеріміз жекелеген салаларда: макроэкономикада, қаржы секторында, өнеркәсіпте, табиғи монополиялар субъектілерін реттеуде, зияткерлік меншікті күзету мен қорғауда келісілген, үйлестірілген бірыңғай саясатты іске асыратын болады", - деді ол. Қазіргі уақытта Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасын кодификациялау жөнінде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл, Кішкембаевтың айтуынша, елдеріміздің арасындағы өзара сауда айналымында алып тастаулар мен шектеулерді мейлінше жоятын болады. Спикердің айтуынша, бүгінде Кеден одағына қатысушы елдер тауарөндірушілерінің өзара нарықта бір-бірінің өнімдеріне қол жеткізуінде қиындықтар байқалып отыр. Көбіне тараптар тарифтік емес түрлі техникалық кедергілерді, сертификаттау шараларын, лицензиялауды, квоталауды қолданып отыр, бұл сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырудың және бизнес-құрылымдардың өзара әрекет етуін тереңдетудің тежеуші факторы болып саналады. "Ресей тарапының Кеден одағының өзге мемлекеттерінен Ресей нарығына тауарлар мен қызмет түрлерінің келуін шектейтін түрлі нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау сияқты жағымсыз тәжірибесі бар", - дейді ол. Кішкембаевтың айтуынша, мемлекеттік сатып алуларды өткізуде өз (ұлттық) жеткізушісіне басымдық беретін жағдайлары бар. Соған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия тиісті шаралар қабылдап, Ресей Федерациясы үкіметіне заңбұзшылықтарды жою жөнінде ұсыныстарды жолдады және бұл жағдай түзетілген. Тағы бір мысал: Ресей Мемлекеттік думасы РФ құзырлы органдарынан жүргізуші куәлігін алмаған тұлғаларға Ресей аумағында көлік қызметін көрсетуге тыйым салатын заң қабылдады. Кішкембаевтың пікірінше, бұл - жұмыс күшінің еркін қозғалуына тікелей кедергі, яғни төрт шешуші еркіндіктің бірінің болмауы. "Алкоголь өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастырудағы мәселелер әлі бар. Ресей мен Беларусь тарапынан қазақстандық өнімді нарыққа жіберуге шектеу қойылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Ресей Мемлекеттік думасында Қазақстанның алкоголін адам басына бес литр көлемінде әкелу жөнінде шектеу енгізуді қарастыратын заң жобасы талқыланып жатыр", - деген Кішкембаев мұндай жайт ынтымақтастықтың дамуын тежейді деп есептейді. Соған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеден одағы мемлекеттері аумағында алкоголь нарығына қатысушылар қызметін реттеу туралы келісім жобасын жасады. Бұл құжатты іске асыру алкоголь өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға, оны реттеудің бірыңғай қағидалары мен ережелерін белгілеуге мүмкіндік береді. Кішкембаевтың айтуынша, ет және сүт өнімдері нарығында да қазақстандық тауарөндірушілердің өніміне қатысты осындай мәселелер сақталып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети