30 сәуір 2014 12:11

Еуразиялық экономикалық одақтың "орталық банкі" Алматыда орналасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай қаржы реттеуші органы 2025 жылдан бастап жұмыс істейтін болады. Ал оның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Виктор Христенкоға сілтеме жасап.  

Айта кетейік, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай қаржы кеңістігін құру үшін алдымен үш елдің осы саладағы нормативтік-құқықтық базасын ретке келтіріп, бір-біріне сәйкес ету керек дегені пікір бар. Содан соң оны реттеу механизмі енгізіледі. Сарапшы мамандардың айтуынша, үш елдің қаржы кеңістігі бір-біріне барынша сәйкес болса, банктердің лицензиялары барлығына ортақ жүруі мүмкін. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы коммерциялық банкке берілген лицензия Ресейдің қаржы институттары мойындайды. Сол сияқты Беларусьтың кез келген банкі Қазақстанға келіп, емін-еркін жұмыс істей алады.    

Алайда Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай қаржы реттеуші органын енгізудің тағы бір жолы бар. Ол - одақтың Орталық банкін құру. Аталған құрылым үш елдің аумағында жұмыс істейтін банктерге лицензия беріп, қаржы саласындағы барлық жұмыстарды реттейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети