23 сәуір 2014 14:50

Еуразиялық медиафорумға қатысудан төрт спикер бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Еуразиялық медиафорумға қатысудан төрт спикер бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі медиафорумның контент-директоры Бермет Тұрдыниязоваға сілтеме жасап.


Еуразиялық медиафорумға қатысудан төрт спикер бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі медиафорумның контент-директоры Бермет Тұрдыниязоваға сілтеме жасап.

"Биыл біз ғаламдық, ауқымды мәселелерді көтеруді ұйғардық. Егер бұрын медиакеңістік мәселелеріне көңіл аударған болсақ, биыл көкжиегін кеңейтіп, қатысушылар мен делегаттарға мейлінше ауқымды тақырыптарды қозғауға мүмкіндік бердік. Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен ықпалды саясаткерлерді шақырдық. Біз Еуразияның жүрегінде отырып, кез келген тақырыпты ашық әрі жариялы түрде талқылауға болатынын айтқымыз келеді. Бірақ биыл кейбір спикерлердің соңғы сәтте қатысудан бас тартқан жағдайлары болды, оған себеп - бұл адамдардың бір сессияда сөйлейтін өзге спикерлердің саяси ұстанымымен келіспеуі. Мен бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын, дегенмен біздің диалогымыз конструктивті, қызықты болады деп үміттенеміз", - дейді Тұрдыниязова.

Контент-директордың айтуынша, кейбір қатысушылар осылайша өздерінің наразылығын білдірмек болған. "Мен олардың атын атағым келмейді, Американың немесе Ресейдің саясатымен келіспейтін кейбір елдер бар. Кейбір спикерлер осы себепті қатысудан бас тартуды ұйғарды. Тіпті, Қазақстанның ұстанымымен келіспейтін ТМД елдерінің өкілдері де болды. Бірақ - бұл олардың құқығы, біздің міндетіміз - оларды ашық пікірталасқа шақыру, олардың пікірталасқа дайын не, дайын емес екенін анықтау. Біз 46 спикердің қатысатынын мәлімдеген едік, төртеуі бас тартты. Олар - Сирия, Австрия, Украина және Америка. Наразы көзқарасын осылай білдірген нақты адамдар бар. Бұл - саяси жағдай. Бірақ біз саяси ұйым емеспіз, біз диалог алаңын ұсынушымыз, бәрін шақырдық, барлық тараптың қатысуына мүдделіміз", - дейді ұйымдастыру комитетінің өкілі.

Тұрдыниязованың айтуынша, биыл шақырылған спикерлердің арасында АҚШ өкілдер палатасының бұрынғы спикері Ньютон Гингрич, Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Барак, тележурналист Владимир Познер және басқа да танымал тұлғалар бар. 24 сәуір - медиафорум салтанатты жағдайда ашылатын күні "Астана Опера" театрында тек қана шара қонақтары үшін "Аққу көлі" қойылымы көрсетіледі. Айта кетейік, XII Еуразиялық медиафорум 23-25 сәуір аралығында Астанада өтеді, ол 24-і күні Тәуелсіздік сарайында салтанатты жағдайда ашылады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети