03 сәуір 2014 13:39

Еуразиялық одақ туралы келісім Астанада рәсімделуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото newskaz.ru сайтынан Фото newskaz.ru сайтынан

Еуразиялық одақ туралы келісім ағымдағы жылы мамыр айында Астанада өтетін Ресей, Беларусь пен Қазақстан саммитінде рәсімделуі мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап. 

Бүгін Мәскеу қаласында Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Ресейдің сыртқы істер ведомствосының басшысы Сергей Лавров келіссөздер өткізіп, мәлімдеме жасады. "Біз үшін алдағы жыл ерекше болмақ. Себебі біз Еуразиялық одақ туралы келісімді рәсімдейін деп жатырмыз. Осы айдың соңында Минск қаласында маңызды бір кездесу өтеді. Сосын мамырдың аяғында Астанада "үштік" (Ресей, Беларусь пен Қазақстан) саммиті ұйымдастырылады деген жоспар бар. Онда біз аталған құжат бойынша барлық формалды жұмыстарды аяқтауға мүдделіміз. Соның арқасында біздің байланыстарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады", - деді Е.Ыдырысов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети