©munara.kz
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылорда қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін жаңғырту жобасын жүзеге асырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыс орталығы – Қызылорда қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің біріне айналған. Сондықтан жоба бойынша энергия үнемдейтін қондырғыларды және су өлшегіштерді орнату, құралдар мен жүйелерді қайта құру мен жаңғырту, қаланы сумен қамтудың электронды картасын жасау ойластырылған. Осының нәтижесінде облыс орталығы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Аталмыш банктің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкманның айтуынша, өзара несиелік және Қызылорда қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелерін жаңғырту жобасын жүзеге асыру үш кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңі 2014-2017 жылдар аралығын қамтыса, келесі кезеңі 2018-2020 жылдарды шамалайды.
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қызылорда қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін жаңғырту жобасын жүзеге асырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс орталығы – Қызылорда қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің біріне айналған. Сондықтан жоба бойынша энергия үнемдейтін қондырғыларды және су өлшегіштерді орнату, құралдар мен жүйелерді қайта құру мен жаңғырту, қаланы сумен қамтудың электронды картасын жасау ойластырылған.
Осының нәтижесінде облыс орталығы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Аталмыш банктің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкманның айтуынша, өзара несиелік және Қызылорда қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйелерін жаңғырту жобасын жүзеге асыру үш кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңі 2014-2017 жылдар аралығын қамтыса, келесі кезеңі 2018-2020 жылдарды шамалайды.