13 мамыр 2015 14:28

Еуропалық Одақ Қазақстандағы су тасқыны құрбандарына көмек ретінде қаржы бөлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еуропалық Одақ Қазақстандағы су тасқыны құрбандарына көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еуропалық Одақ Қазақстандағы су тасқыны құрбандарына көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінде 2015 жылы сәуірдегі су тасқынына байланысты Еуропалық комиссия су тасқынынан ерекше зардап шеккен халыққа көмек көрсету мақсатында 127,427 евро мөлшерінде ізгілік көмек көрсетті.

"ЕО-ның бұл қаржыландыруын Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы азық-түліктік емес тауарлар мен гигиеналық жиынтықтарды қоса алғанда осындай қажетті көмек көрсетуді қолдайды. Негізгі жұмыс су тасқынынан ерекше зардап шеккен Қарағанды облысында жүргізілді", - делінген өкілдік хабарламасында.

Айта кетейік, алдымыздағы үш ай ішінде әйелдер басшылық ететін үй шаруашылықтары, көпбалалы немесе қарттары бар отбасылар, сондай-ақ үйлері айтарлықтай бұзылған немесе мүлкі жоғалған отбасыларды қоса алғанда, шамамен мың отбасы бірінші кезекте көмек алады.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінде температураның күрт жоғарылауына байланысты қардың жылдам еруінен су тасқыны болды. 12 мыңнан аса адам мектептерге, мешіттерге және басқа кенттердегі туыстарының үйлеріне көшірілді. Көлік инфрақұрылымы мен көпірлер бұзылған, мал қырылған, электр және сумен жабдықтау жүйелері зақымдалған Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында төтенше жағдай жарияланды.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақының төлене бастағаны хабарланған болатын. Осы мақсатта әкімдік 1 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған. Осыған дейін аймақ тұрғындарынан 1740 өтініш келіп түскені белгілі болды. Бағалау компаниялары барлық нысандарды қарап шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети