31 қазан 2016 14:21

EXPO-2017 аумағында пәтерлерді жалға алудың құны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада өтетін Халықаралық EXPO-2017 көрмесінің аумағында пәтерлерді жалға алудың құны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада өтетін Халықаралық EXPO-2017 көрмесінің аумағында пәтерлерді жалға алудың құны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

EXPO-қалашығының басқарушы директоры Ғалымжан Қарымсақовтың айтуынша, Gold класстағы үш бөлмелі пәтерді тәулігіне 40-50 мың теңге төлеп жалдауға болады.

"Қазіргі уақытта 40 пәтер жабдықталды. Олардың жартысы - Gold классты пәтерлер, ал қалғандары - Silver классты пәтерлер. Жуырда пәтерлерді үш классқа A, В, С деп бөлуді жоспарлап отырмыз (...). Пәтерлердің бағасы мен оларға берілетін жеңілдіктердің қанша болатынын шешіп жатырмыз. Мұнда қонақтар пәтерді көбінесе бір айға немесе жарты жылға жалға алады", - деді Ғалымжан Қарымсақов журналистерге.

"Мұнда қызмет көрсетудің барлық түрі болады. Gold классты пәтерлер аптасына үш рет жиналса, Silver классты пәтерлер аптасына бір рет жиналатын болады. Класстар тек пәтердегі жиһаз бен ондағы техникамен ерекшеленеді. Мысалы,  Silver классты пәтерде кір жуғыш машина, тоңазытқыш пен теледидар болса,  Gold классты пәтерде ыдыс жуатын машина мен жоғары сапалы жиһаз болады", - деді спикер.

Басқарушы директордың айтуынша, пәтерлердегі жиһаздың барлығы Қазақстанда шығарылған. Ал ыдыс-аяқтар Қытайдан әкелінген.

Айта кетейік, Gold классты пәтерлердің аумағы шамамен 90-100 шаршы метр екен.

"Біз жеке тұлғамыз, барлық жиһаз бен техниканы өз қаражатымызға алып отырмыз (...). Пәтерлер толықтай жиһазбен, техникамен жабдықталған. Келесі жылдың наурыз айына қарай 750 пәтерді дайындаймыз. Ал қараша айына дейін 150 пәтерді жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Желтоқсанда қонақтар пәтерлеріне жайғаса алады", - деді Ғалымжан Қарымсақов.

Айта кетейік, EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейін өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети