EXPO-2017 бас мердігері әлі анықталған жоқ

14 Наурыз 2014, 14:40
0
EXPO-2017 бас мердігері әлі анықталған жоқ -  ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
EXPO-2017 бас мердігері әлі анықталған жоқ, бұл туралы "Астана EXPO-2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бас мердігерді анықтау мәселесі әлі шешілген жоқ. Жұмыс көлемі өте үлкен, яғни бір ғана мердігердің болуы мүмкін емес. Үш-төрт бас мердігер болады деп ойлаймын", - деді Талғат Ермегияев.

Өз кезегінде Көрмелердің халықаралық бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес EXPO-2017 үшін тұрғызылатын ғимараттардың сыртқы келбетіне ұлттық элементтер қосылатынын атап өтті.

"EXPO-2017-нің ұлттық сипаты болады. Біз техникалық сипаттағы бірқатар мәселе бойынша жұмыс істейміз. Тіркеу құжаттамасында болған нәрселердің бәрін қарастырамыз немесе бейімдейміз", - Лоссерталес.

Ол ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовпен кездескенін айтты. "Мен бекітілген мастер-жоспарға сай болуы үшін сәулет шешімдері бойынша бірқатар өзгеріс жасау керектігін айттым. Бұл жоспар мазмұны жағынан өте маңызды. Қазақстан павильоны - бұл жай ғана тақырыптық павильон емес, ол қуат көздерінің жаңа ресурстарымен бірге елдің мәдениетін, тарихы мен өнерін қозғауы тиіс. (...) Жуық арада біз Қазақстан павильоны жөніндегі тұжырымдамаға қатысты пікірталастарды күтетін боламыз", - деді Көрмелердің халықаралық бюросының бас хатшысы.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай