1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

EXPO-2017 көрмесіндегі ең танымал нысандар аталды

Астанадағы EXPO-2017 көрмесіне келушілердің саны күннен-күнге артып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көрменің медиа орталығына сілтеме жасап.

14-20 тамыз аралығында EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 345 445 адам келді, яғни, орта есеппен күніне көрмеге 49 349 адам келеді. Бұл келушілердің саны алдыңғы аптадан 14 мың адамға өскенін көрсетеді.

10 маусым - 20 тамыз аралығында көрмеге келушілердің саны -  2 779 820 адам.

10-25 маусым аралығында - 374 236 адам тіркелсе, 27 маусымда келушілердің саны 425 377 адамға жетті.

10 маусым мен 20 тамыз аралығындағы келушілердің жалпы саны - 22 113 663 адам. 

Сондай-ақ, келушілер көп баратын павильондар белгілі болды. Олар: Африка плазасы, Мысыр, Түркия, Таиланд, Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Жапония, Сауд Арабиясы корольдігі.

Ал қонақтар ең көп баратын нысандардың қатарында "Нұр-Әлем", коммерциялық павильондар, "Шелл" балалар зертханасы, С 3.5 тематикалық павильоны, балалар саябағы, амфитеатр, дю Солей циркі, С 2.4 тематикалық павильоны, Арт орталық және шығармашылық энергия зонасы.

Еске сала кетейік, 24 шілдеде ЕХРО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелген болатын.