21 маусым 2017 10:59

EXPO-2017 көрмесіне оқ-дәрі алып кірмек болған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полицейлері EXPO-2017 көрмесі аумағына аңшылық оқ-дәрілерді алып өтпек болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана полицейлері EXPO-2017 көрмесі аумағына аңшылық оқ-дәрілерді алып өтпек болған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 маусымда сағат 11.00-де EXPO-2017 халықаралық көрмесінің бақылау-өткізу пунктінде полицейлер ішінде 5 оқ бар полиэтилен пакетті анықтады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Елордалық полицейлердің видеобақылау жүйесінің көмегімен қысқа уақыт аралығында күдіктіні ұстағаны айтылады. Ұсталған ер адамның Қарағанды облысының 22 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

"Ер адамның аңшы екені белгілі болды. Ұсталған ер адамны айтуынша, ол қалтасында оқтардың бар екенін ұмытып кеткен. Яғни, ол өзінің әрекетінің қасақана емес екенін айтып отыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Полициядағылар бұл деректің ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы бойынша ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") cотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелгенін айтты. Тергеу басталды. Ұсталған ер адамға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ІІД өкілдері көрме аумағына травматикалық және суық қаруларды, тілгіш заттарды, радиоактив, улы, күйдіргіш, органикалық заттарды, өртенгіш, жанар-жағармай материалдарын, өртке алып келетін заттарды алып кіруге тыйым салынғанын еске салды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети