11 қараша 2016 13:36

EXPO кезінде Астанаға кімдердің кіре алмайтыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

EXPO кезінде Астанаға сотталып шыққандармен қатар, заңға бағынып жүрген азаматтар кіре алмайтын болды. Бұл туралы ҚР ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


EXPO кезінде Астанаға сотталып шыққандармен қатар, заңға бағынып жүрген азаматтар кіре алмайтын болды. Бұл туралы ҚР ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер халықаралық тәжірибеде ірі көлемді әрі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында онда адамдардың кіруіне қосымша шектеу қойылатынын білесіздер. Бұл Олимпиада ойындарына да қатысты. Әлемдік тәжірибеде бұрын сотты болғандардың ғана құқығы шектелмейді. Сондықтан Олимпиада ойындарында, EXPO көрмесі кезінде, Алматыда өтетін Универсиада ойындарына қатысты шараларда адамдарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін заңға бағынып жүрген адамдардың да кіруіне шектеу қойылады", - деді вице-министр.

"Меніңше, жалпы бұл адам құқығын бұзбайды. Астана қаласындағылардың аса ауыр қылмыс жасап, сотты болғандарды қалаға кіруіне тыйым салуы жақсы ұсыныс. Адамдардың конституциялық құқығына қайшы болмайтындай етіп, бұл шараны жақсылап ойластырып алу керек", - деді Рашид Жақыпов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада сотталып шыққандарды елордаға кіргізбеу ұсынылған болатын. "Біздің ойымызша, Бас прокуратурадағыларға, ІІМ өкілдеріне және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіндегілерге 1 қаңтар мен 2017 жылдың 1 қазанына дейінгі аралықта Астана қаласына түрмеден келген сотталғандарды кіргізбеу мәселесін қарастыру қажет", - деген еді Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети