07 сәуір 2015 17:29

"Эйр Астана" Жезқазғанға ұшатын рейстерін тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Wikipedia.org @Wikipedia.org

"Эйр Астана" әуе компаниясы 2015 жылдың 1 мамырынан бастап Жезқазғанға ұшатын рейстерін тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуетасымалдаушы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Эйр Астана" әуе компаниясы 2015 жылдың 1 мамырынан бастап Жезқазғанға ұшатын рейстерін тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуетасымалдаушы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазған әуежайының ұшу кезіндегі іздеу және апаттық-құтқаруды қамтамасыз ету қызметі Қазақстан стандартына сәйкес келмейді. Сол себепті компания осындай шешімге келген. "Өткен жылдың ақпан айында компанияның техникалық қызметкерлері іздеу және апаттыщ құтқару қызметкерлерінің саны қалыптыдан аз және үш өрт сөндіру көлігінің орнына бір ғана көлік бар екенін анықтады", - дейді "Эйр Астана" компаниясындағылар.

Әуе компаниясы әуежай басшылығына қалыпты стандартқа сай жұмыс жасамай отырғандарын ескерткен. Дегенмен, Жезқазған әуежайы басшылығы ол кемшіліктерді жөндемепті. "Әуекомпания шығарған шешім үшін өкінеді және сатылған билеттердің құнын толық өтеп береді", - деп қосты "Эйр Астана" компаниясындағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін компания "Астана-Сеул" бағытындағы рейсі 2015 жылдың маусымында ашылатынын хабарлаған болатын. Рейс аптасына екі рет қатынайды. Сонымен қатар, Сеулден Алматыға қатынайтын рейс те жаңартылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети