"Эйр Астана" Киевке Ресей аумағымен ұшуға рұқсат алды

29 Шілде 2014, 16:54
0
"Эйр Астана" Киевке Ресей аумағымен ұшуға рұқсат алды - ©"Эйр Астана" ӘК баспасөз қызметі
©"Эйр Астана" ӘК баспасөз қызметі

Ресейдің авиациялық билігі "Эйр Астананың" Киевке ұрыс әрекеттері аймағын айналып өтіп ұшуына рұқсат берді, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Украинаға ұшулар Ресейдің әуе қозғалысы ағындарын жоспарлау бас орталығы бекіткен жоспар бойынша солтүстік бағыттармен іске асырылады", - делінген Tengrinews.kz-ке қайтарылған жауапта.

Малайзиялық әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Киевке қатынау тоқтатылған еді. Қазақстандық әуе компаниялары Украина аумағы арқылы ұшпайтынын мәлімдеді. Ал SCAT әуе компаниясы Украинадағы ахуалдарға байланысты Ақтау - Киев - Ақтау бағытындағы DV 827/828 рейсін орындауды ақпан айында тоқтатқан болатын. 

"Эйр Астана" өкілдері Украинаға қатынайтын рейстердің Ресей солтүстік жолдармен ұшуға рұқсат берсе ғана жанданатынын мәлімдеген еді. Соған қарамастан, ұлттық тасымалдаушы малайзиялық ұшақ апатынан кейін де Киевке рейсті орындады.

Малайзиялық Boeing Украинаның Донецк облысында 17 шілде күні апатқа ұшырады. Оның бортында 283 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі болған. Олардың бәрі қаза тапты. Boeing-777 Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшқан. Соңғы мәліметтерге қарағанда, ұшақ зымыранмен атып түсірілген, тергеу жүріп жатыр.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай