18 наурыз 2016 15:01

"Эйр Астана" пилотымен болған жағдайдан кейін ААК ұшқыштарды тексеруді қатаңдатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті ұшқыштарды медициналық куәландыруды қатаңдатпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ААК ұшуды пайдалану басқармасының басшысы Көпбосын Тоқбақбаевтың хабарлауынша, Алматыда өткен отандық авиация мәселелері бойынша кеңесте ұшқыштардың есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануына қатысты тексерулерді жүргізудің жоспарланғаны айтылды. 


ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті ұшқыштарды медициналық куәландыруды қатаңдатпақшы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ААК ұшуды пайдалану басқармасының басшысы Көпбосын Тоқбақбаевтың хабарлауынша, Алматыда өткен отандық авиация мәселелері бойынша кеңесте ұшқыштардың есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануына қатысты тексерулерді жүргізудің жоспарланғаны айтылды. 

"Біз ұшқыштар құрамын тексеруді қатаңдатамыз. Жиі-жиі, мүмкін үш айда, алты айда немесе жылына бір рет міндетті түрде қанда есірткі немесе өзге де тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексеріледі. Қазір бұл мәселені шешіп жатырмыз. Оған дейін, әрине, ұшқыштардың жағдайы тексеріліп тұрды, бірақ, ол немқұрайлы түрде тексеріліп келуі мүмкін. Олар міндетті түрде наркодиспансерде, психдиспансерде тексерілетін, бірақ тексерулердің арасы алшақ болды. Біз қазір сол аралықты қысқартамыз", - деді Көпбосын Тоқбақбаев. 

Сонымен қатар, Тоқбақбаевтың айтуынша, көптеген батыс елдеріндегідей Қазақстанда да экипажды ұшу алдында тексеру заңды түрде міндеттелмеген, себебі "барлығы әуе компаниялараның басшылығы мен ұшқышқа міндеттелген".

Көпбосын Тоқбақбаевтың мәліметінше, отандық әуе компанияларды тексеру үшін жақында Қазақстанға ИКАО (ICAO -  International Civil Aviation Organization) өкілдері келеді.

"Біз қазір қара тізімде тұрмыз, яғни бұл Еуроаймаққа ұшуға шектеу қойылған әуе компаниялардың тізімі. Қазақстандық әуе компаниялар ол тізімге 2009 жылы ілікті, сол кезден бері жұмыс жүріп жатыр. Бүгінгі таңда біз өте көп істі атқардық, бізде техинспекторлардан басқа нормативтік база мен ұйымдық құрылым жаңарды. Сонымен қатар, ИКАО ескертулерін біз орындадық деп ойлаймын. Біз оларды шақырдық және олар наурыз-сәуірде бізбен жұмыс істеп, ескертулерді қаншалықты орындағанымызды анықтайды", - деді Тоқбақбаев.

Айта кетейік, ААК мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда 22 әуе компаниясы жұмыс істейді. 

Еске сала кетейік, наурыздың басында "Эйр Астана" компаниясының пилоты Роман Быков Алматы әуежайында есірткі затымен ұсталды. Осы дерек анықталған бойда ол жұмыстан қуылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети